ПЕРЛЕНБЕТОВ МУХАН АТЕНОВИЧ

Страница на сайте энциклопедии «Ученые Казахстана»

Қайнар университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, психология ғылымдарының докторы, профессор.

1986 жылы Алматы зооветеринарлық институтының ветеринария факультетін, 1998 жылы Қайнар университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.
1988-1992 жылдары Украинада (Львов қаласы) аспирантурада оқиды. 1992 жылдың 23 сәуірінде диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
1994 жылдан Қайнар университетінің теориялық және қолданбалы психология кафедрасының доценті, 2007 жылдан сол кафедраның профессоры лауазымына тағайындалған.
2007 жылдан Қайнар университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
2004 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2005 жылы Білім және ғылым Министрінің мақтау грамотасымен марапатталған.
2008 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланады.
«Тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің байланысы» атты монографияның, бірнеше оқу – әдістемелік құралдарының, 70-тен астам алыс және жақын шет елдерде жарияланған ғылыми еңбектердің авторы.
2010 жылдың 29 қыркүйегінде әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғаған.
2011 жылы Қазақстанда жылда өтетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері.