Калаганов Бахытбек Калаганович

Қалағанов Бақытбек (23.02.1958 ж. Қармақшы ауданы Қызылорола облысында туылған) – заң ғылымдарының кандидаты (2004), Қайнар университетінің профессоры (2008), Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2009), Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002).
Қазақ ауылшаруашылығы институтын (1979), марксизм және ленинизм университетін (1990) және Қайнар университетін (2000) бітірген.
Казреставрация мекемесінде инженер-экономист )1979-1980), Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің Ескерткіштер қорғау басқармасында аға эксперт (1980-1984), Казпроектреставрация институтында (1984-1992), Казресаврация тресінде (1992-1994) бас бухгалтер болды. 1994 жылдан бастап Қайнар университетінің қаржы және экономика жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің Мақтау грамотасымен және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
40-тан астам ғылыми жарияланымның, монография және оқу құралының авторы.